Жаңалықтар

Атыраудағы төбелес видеоға түсіп қалды

Видео жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түсіп қалды
Атыраудағы төбелес видеоға түсіп қалды
Фото: pixabay 01.11.2022 23:48 3740
Атырау қаласында халықтың көзінше төбелескен жігіттерге айыппұл салынды, деп хабарлайды Ek.kz Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
 
Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға 30 қазан күні таңғы сағат 05:58-де Авангард ықшам ауданында орналасқан түнгі клубтың алдында болған.
 
Видео жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түсіп қалды. Оқиға орнына бірден патрульдік экипаж жіберілді.
 
Полицейлер 37 және 26 жастағы екі ер адамды ұстап, медициналық сараптамаға алып барды. Екеуі де жеңіл дәрежеде мас болған. Сол үшін әрбіреуі 15 315 теңге көлемінде айыппұлды арқалады.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға