Атырауда "жарылғыш зат" кесірінен рейс кейінге қалдырылды

 atr.kz
Фото: atr.kz

Атырау әуежайында ер адам қол жүгінде жарылғыш зат бар деп мәлімдеген, бірақ тексеріс нәтижесінде ақпарат расталмады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жолаушыларды эвакуацияланған сәт түсірілген видео жергілікті БАҚ-та жарияланды. Аталған жайтты көліктегі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға 8 қараша күні болған.

Атырау қаласының әуежайында «Атырау - Алматы» бағыты бойынша рейске тіркелу кезінде ер адам қол жүгінде жарылғыш зат бар екенін айтып, жалған ақпарат таратқан. Аталған дерек бойынша көліктегі полиция департаменті Қылмыстық кодексінің 273-бабы («Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау») бойынша қылмыстық іс қозғады. Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды, - делінген ресми түсініктемеде.

Сонымен қатар оқиғадан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ екені және әуежай жұмысы қалыпты режимде жалғасып жатқаны нақтыланды.

Оқи отырыңыз