Жаңалықтар

Атырауда медбикеге балағат сөз айтқан ер адам қамауға алынды

Атырауда медбикеге балағат сөз айтқан ер адам қамауға алынды
Фото: El.kz 21.05.2023 22:45 1273

Атырауда медбикеге балағат сөз айтқан ер адам 5 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау қалалық полиция басқармасының ақпаратына сәйкес, 42 жастағы ер адам облыстық ауруханаға ем алуға барған.

Атырау қаласында тұратын ер адам ауруханадағы медбикеге дөрекілік танытып, былапыт сөйлеген. Сөйтіп, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекеттерге барған. Аталған дерек бойынша 42 жастағы азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған іс құжаттары Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді, -делінген қалалық полиция басқармасының ақпаратында.

Сот қаулысымен 1981 жылғы азамат ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 5 тәулікке қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға