Жаңалықтар

Атырауда электр энергиясы қымбаттады

Атырауда электр энергиясы қымбаттады
Фото: © Pixabay.com 12.07.2023 17:00 1685

Табиғи монополияларды реттеу комитеті Атырау облысы бойынша департаментіне «Атырау Жарық» АҚ-ның электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне тариф бекітуге байланысты өтінім түскен. Осылайша электр қуатының тарифі 12,17 пайызға өсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін электр қуатының тарифі қосымша құн салығынсыз 1 кВт/с үшін 5,84 теңге болған.

Өтінім берудің негізгі себебі – орташа айлық жалақыны өсіру. «Атырау Жарық» АҚ ұсынған жобада тариф қосымша құн салығынсыз 1 кВт/с үшін 7,11теңгені құрады. Жаңа тарифті бұрын бекітілген тарифтен 1,27 теңгеге немесе 21,84 пайызға арттыру көзделген. Департамент мамандары монополист субъектінің өтініміне мұқият талдау жүргізді. Сөйтіп, тарифті 1 кВт/с үшін қосымша құн салығынсыз 6,55 теңге мөлшерінде бекіту туралы шешім қабылданды. Мұнда тарифтің өсуі бекітілген тарифтен 0,71 теңгеге немесе 12,17 пайызға өсіп отыр, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз:

Тарифтің өзгеруі өндірістік персоналдың жалақысын 2023 жылғы 1 маусымнан бастап 103,1%-ға арттыруды көздейді. Тұтастай алғанда, тариф белгілеу процесі жариялылық пен ашықтықты қамтамасыз етуді ескере отырып, монополист субъектілердің ұсынылған материалдарына негізделді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға