Атырауда бассейнге түскен 14 адам медициналық көмекке жүгінді

 © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com

Атырауда бассейндердің бірінде хлордан уланудың ықтимал жағдайы тіркелді. Оқиға бүгін 13 шілдеде болған. Полиция іс қозғады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Медициналық көмекке 14 адам жүгінген. Ауруханаға 3 адам жатқызылған, олардың жағдайы тұрақты. Қалған тұрғындар дәрігерлердің бақылауында.

Эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп, ауа мен судан сынама алынды. Хлор буы шекті мөлшерден аспаған, зертханалық талдау жұмыстары жалғасуда. Полиция қылмыстық іс қозғады, тергеу жүріп жатыр,-деп атап өтті әкімдіктен.

Облыс әкімі денсаулық сақтау басқармасына зардап шеккендердің жағдайын бақылауда ұстауды міндеттеді. Бұған қоса, өңірдегі бассейндер мен аквапарктерді тексеруге тапсырма берілді.

 

Оқи отырыңыз