Жаңалықтар

Атырауда автобус пен жүк пойызы соқтығысты

Атырауда автобус пен жүк пойызы соқтығысты
Фото: Атырау облысы ПД баспасөз қызметі 12.07.2023 16:10 964

Атырауда жүк пойызы мен жолаушылар тасмалдайтын қоғамдық көлік соқтығысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Атырау қаласындағы Рауан көшесінде сағат 14:00 шамасында жүк пойызы мен жолаушылар тасмалдайтын қоғамдық көлік соқтығысты. Жол-көлік оқиғасына жолаушы тасымалдайтын Youtoung маркалы автобустың темір жол бойындағы қорғалмаған аумақпен жүргені себеп болған, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз:

Екі адамның жарақат алғаны белгілі болды. Жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көлікте болған екі адамға медициналық көмек көрсеткен.

Зардап шеккендер облыстық аурухананың травматология пунктіне жеткізілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға