Жаңалықтар

Атырау-Орал тасжолында көлік қозғалысы шектелді

Атырау-Орал тасжолында көлік қозғалысы шектелді
Фото: inbusiness.kz 19.12.2022 13:49 1092

Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Атырау-Орал» тасжолында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеулер енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

«Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Атырау-Орал» тасжолының Атырау облысының шекарасынан Чапаево ауылына дейінгі аралығында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді», деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметінен.

Жабылған учаскеде арнайы техника жұмыс істеп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға