Жаңалықтар

Атырау өңірінің бірқатар азаматы мемлекеттік наградалармен марапатталды

Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі мәлім етті
Атырау өңірінің бірқатар азаматы мемлекеттік наградалармен марапатталды
Фото: Ақорда 08.11.2022 11:47 2764

Мемлекет басшысы елеулі жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Атырау өңірінің бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды El.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:

II дәрежелі «Барыс» орденімен еңбек ардагері Қайрат Қыдырбайұлы Ищанов;

«Парасат» орденімен «Атыраугидрогеология» ЖШС ғылыми кеңесшісі Едіге Сабуров;

«Құрмет» орденімен «Атырау облыстық кардиологиялық орталығы» КМК директоры Марат Нұрышұлы Қонысов;

ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен «Ембімұнайгаз» АҚ «Доссормұнайгаз» МГӨБ операторы Сафи Қаниұлы Сәтмағамбетов;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен Атырау облысы Д.Нұрпейісова атындағы академиялық оркестрдің домбырашысы Жәнібек Жантұрсынұлы Жәмиев марапатталды.

Айта кетейік, Президент тәуелсіз ел ретінде аяққа нық тұруымызға Атырау тұрғындарының рөлі маңызды болғанын атап өтті. Сондай-ақ Атырау облысы мұнай өңдейтін орталыққа айналуға тиіс екенін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға