Жаңалықтар

Атырау-Индер тас жолындағы апатта анасы мен екі баласы көз жұмды

Атырау-Индер тас жолындағы апатта анасы мен екі баласы көз жұмды
Фото: © Polisia.kz 19.07.2023 03:32 1075

18 шілде сағат 15:30 шамасында Атырау-Индер тас жолының 123 шақырымында Toyota Camry және КаМАЗ жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Toyota көлігінде болған 3 жолаушы оқиға орнында қайтыс болды, жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Қайтыс болған 3 жолаушы анасы мен 1 және 15 жастағы қыздары - БҚО тұрғындары. 

Сотқа дейін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция кез келген жағдайда жол қауіпсіздігін сақтау қажеттігін ескертеді. Ауа райы жауын-шашын болған жағдайда жылдамдықты шамадан тыс асырмай, көліктер арасындағы арақашықтықты сақтаңыздар, - деп ескертті полицейлер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға