Жаңалықтар

Ата Заңымыз – абырой, дәстүр, арымыз!

Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде «Ата Заңымның алтын арқауы» атты бейнепонарамалы көрме және «Ата Заңымыз – абырой, дәстүр, арымыз!» атты дәріс ұйымдастырылды.
29.08.2014 10:19 8231

Ата Заңымыз – абырой, дәстүр, арымыз!

Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде «Ата Заңымның алтын арқауы» атты бейнепонарамалы көрме және «Ата Заңымыз – абырой, дәстүр, арымыз!» атты дәріс ұйымдастырылды.  

Көрме тәуелсіз Қазақстанның Ата Заңы туралы 32 фотосуреттен тұрады. Бейнепонарамалы көрменің бірінші бөлімі мемлекеттік рәміздерге арналса, екінші бөлімде мемлекеттің тіл – қазақ тіліне ерекше мән берілген. Онда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды.Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» - деген және т.б. тіл туралы толғамдары келтірілген.

Аталмыш көрменің келесі бөлімі еліміздегі тегін білім алу және денсаулық сақтау жүйелеріне арналған. Конституцияның 29-30 баптарына сәйкес: «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар. Республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алуға хақылы. Мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелерінде, сондай-ақ, жеке медициналық практикамен айналысушы адамдардан ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізіледі. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Азаматтың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар. Жеке меншік оқу орындарында ақылы білім алу заңмен белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүзеге асырылады. Мемлекет білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын белгілейді. Кез келген оқу орнының қызметі осы стандарттарға сай келуі керек».

 Сондай-ақ, көрменің соңғы білімінде адам құқығы мен бостандығы жөнінде де Конституциядан үзінділер келтірілген.

«Бұл көрме мұражайға келушілерді Қазақстан Республикасының Конституциясымен толығырақ таныстыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Біз осындай іс-шаралар арқылы елдің дамуы – халықтар достығында, бірлік пен бейбітшілікте екенін және еліміздің тұрақтылығы Ата Заңымызды бұлжытпай сақтап, ата жолын жалғастыруда жатқанын түсіндіруге өз үлесімізді қосқымыз келеді», - дейді, осы мұражайдың ғылыми қызметкері Мирамгүл Әлібаева.

Айта кетейік, көрме ағымдағы жылдың 22 қыркүйегіне дейін жалғасатын болады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданған болатын. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға