Жаңалықтар

Асылбек Әбдуәлиұлы: «Темірдей тәртіп — әскердің басты күші»

7 мамыр — Отан қорғаушылар күні
05.05.2016 04:41 3344

Асылбек Әбдуәлиұлы: «Темірдей тәртіп — әскердің басты күші»

Асылбек Әбдуәлиұлы, танк ротасының командирі, майор:

— Жастайымнан танкіге қызығып өстім. Әскери борышымды өтеуге барған кезімде осы  салада қалатынымды бірден түсіндім. Өйткені, ер адам үшін отанын қорғаудан асқан жұмыс жоқ деп есептеймін. Бүгінгі таңда 10810 танк ротасының командирімін. 2014 жылы танк биатлонынан әлем чемпионатына қатысып, жеңімпаз атандық. 2015 жылы  «танк ротасының үздік командирі» деген атақ берілді. «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталдым.

— «Ерлік» деген ұғымды қалай түсінесіз? 

— Мен үшін «ерлік» деген ер жігіттің бойында болуы тиіс үлкен қасиет. Әсіресе әскери салада ерліксіз қызмет етуге мүлдем болмайды. Ерлік ең алдымен отаныңа бағытталуы қажет. Еліңнің басына күн туса әрбір әскери адам елі үшін жан беруге дайын. Міне осыны мен ерлік деп білем.

— Әскери адамның бойында қандай қасиеттер болуы тиіс?

— Әскери адам ең алдымен тәртіпке бағына алу керек. Темірдей тәртіп — әскердің басты күші. Өз ротамның жауынгерлеріне де осыны әрдайым айтып отырамын.


Алмас САУДАНБАЙ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға