Жаңалықтар

Астаналық қос парадзюдошы әлем чемпионатының финалына жолдама алды

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді
Астаналық қос парадзюдошы әлем чемпионатының финалына жолдама алды
Фото: gov.kz 08.11.2022 20:17 1183

Астаналық қос парадзюдошы Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Астаналық Ақмарал Науатбек әлем чемпионатының финалына шықты. Осылайша жерлесіміз парадзюдо тарихынды көру мүшесі зақымдалған спортшылар арасында алғаш рет финалға шыққан қазақ қызы атанды. Жартылай финалда тайпэйлік Ли Кай Линді жеңген жерлесіміз, финалда Ауриерес Мартинетпен кездеседі. Атап өткен жөн, Мартинет паралимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері.

Өз кезегінде ерлер арасында 73 келідегі жерлесіміз Ерғали Шамей аты аңызға айналған Румыниялық Александро Бологадан басым түсті. Тартысты жекпе-жекті Ерғали ұстау әдісімен жеңіп, ақтық сынға жолдама алды.

Сонымен қатар, отандасымыз Федосова Даяна мен Олжас Оразалы әлем чемпионатының қоласы үшін күресетін болады.

Естеріңізге сла кетейік, Әзербайжанның Баку қаласында көру қабілеті төмен спортшылар арасында 4 қараша күні парадзюдодан басталған әлем чемпионаты 11 қарашаға дейін жалғасатын болады. Әлемнің 40-тан астам елінен 300-ден аса спортшы бақ сынап жатқан байрақты бәсекеде ел намысын 18 парадзюдошы қорғауда. Оның екеуі Астана қаласының спортшылары.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға