Жаңалықтар

Астанаға 30-ға жуық қысқы арнайы техника мен жабдық жеткізіледі

Астанаға 30-ға жуық қысқы арнайы техника мен жабдық жеткізіледі
Фото: Ашық дереккөзден 08.10.2023 14:23 670

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі

Техниканың қысқы кезеңге дайындығын тексердім. Коммуналдық қызметтер паркін жаңарту бойынша тұрақты негізде жұмыс істейміз. Мәселен, алдағы айларда тағы 30-ға жуық қысқы арнайы техника мен жабдық жеткізіледі.  Коммуналдық қызметкерлер күндіз де, түнде де, кез келген ауа райында жұмыс істейді. Олардың қиын әрі жауапты жұмысының арқасында қаламызда тазалық пен тәртіп сақталады, - деп жазды қала әкімі. 

Сондай-ақ, елорда әкімі коммуналдық қызметкерлерге сыйақы берілетінін де жеткізді. Бұл ретте «Астана Тазалық» ЖШС олардың жалақысын көтеру мәселесін пысықтап жатыр.

Коммуналдық қызмет мамандарына еңбегі үшін алғыс білдіремін! Сіздердің жұмыс істеулеріңізге қолайлы жағдай жасауды ары қарай жалғастырамыз,- деді қала әкімі өз жазбасында. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға