Жаңалықтар

Астанадан тағы бір бағытқа тальго пойызы шығатын болды

Астанадан тағы бір бағытқа тальго пойызы шығатын болды
Фото: El.kz 04.04.2023 20:14 1284

 Алғаш рет «Астана – Достық» бағыты бойынша «Тальго» пойызы іске қосылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алакөл бағытындағы пойыздардағы жолаушы орындарының саны өткен жылмен салыстырғанда 2023 жылы жазғы туристік маусымда 6%-ға өседі. Жолаушыларға 276 мыңнан астам орын ұсынылады.

Алакөл бағытында жолаушылар пойыздары Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан 11 бағыт бойынша жүруді жалғастырады. Қазіргі уақытта «Жолаушылар тасымалы» АҚ әкімдіктермен, авиатасымалдаушылармен және туроператорлармен бірлесіп Шымкент, Павлодар, Өскемен, Қызылорда қалаларынан Алакөлге дейін интермодальдық тасымал (көліктің екі немесе одан да көп түрі) қалыптастыру мүмкіндігін қарастырады, - делінген «Самұрық-Қазына» қорының хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға