Жаңалықтар

Астанадан қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктер уақытша тоқтатылды

Астанадан қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктер уақытша тоқтатылды
Фото: ҚР ТЖМ 31.12.2023 13:08 653

30 желтоқсанда еліміздің құтқару мамандары жол бойында қалған 465 ересек, оның ішінде 39 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысының автожолдарында 52859 әскери бөлімінің, полиция мен жергілікті атқарушы органдардың күшімен қар құрсауында қалған 400-ге жуық адамды құтқарылды. Олар жақын маңдағы кемпингтерге, жылыту пункттері мен елді мекендерге жеткізілді. Бұқар жырау ауданында 29 қарашада ауа-райы қолайсыздығынан мал бағуға шығып, елді мекенге өз бетінше жете алмаған 3 адам табылды, - делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, Қарағанды облысы Абай ауданында қар құрсауында автокөлікпен қалған 4 адамды іздеу жұмыстары жүргізілген.

Құтқарушылар жоғалған адамдарды таң атарда тауып, жақын маңдағы елді мекенге жеткізді.

Одан бөлек Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында 29 желтоқсанда жылқы табынына шыққан шопан іздестірілді. Іздеу тобы жоғалған шопанды тауып, елді жақын маңдағы елді мекенге жеткізді, - деп жазылған хабарламада.

Осы орайда ведомство азаматтарды дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға