Астанадағы әлем чемпионаты: басты сенсациялар мен өкінішті жеңілістер

Астанадағы әлем чемпионаты: басты сенсациялар мен өкінішті жеңілістер
Фото: El.kz

Астанада күрес түрлерінен әлем чемпионатының төртінші жарыс күні жалғасып жатыр. Бүгін әйелдер күресінен төрт салмақ дәрежесінде іріктеу және ширек финалдық белдесулер өтіп, қазақстандық балуандар да бозкілемге шықты.

65 келіге дейінгі салмақта Бейбіт Сейдуәлі ширек финалда Моңғолия өкілі Энхжин Түвшинжаргалға 1:3 есебімен есе жіберді. Ал 76 келіде Гүлмарал Еркебаева Түркия балуаны Кадрие Кожак Аксоймен белдесіп, 8:12 есебімен жеңіліп қалды.

Фото: El.kz
Фото: El.kz

Дегенмен Қазақстан құрамасының тағы екі өкілі жартылай финалға жолдама алды. 50 келіге дейінгі салмақта Зейнеп Баянова Моңғолия балуаны Отгонжаргал Долгоржавты 5:4 есебімен жеңсе, 57 келіде Нилуфар Раимова Украина өкілі Александра Хоменецтен 12:6 есебімен басым түсті.

Фото: El.kz
Фото: El.kz

Осылайша, Зейнеп Баянова мен Нилуфар Раимова бүгін финалға шығу үшін күреседі. Ал кешкі бағдарламада грек-рим күресінен 63, 67 және 87 келі салмақ дәрежелеріндегі медаль үшін белдесулер өтеді.

Фото: El.kz
Фото: El.kz

Елорданың төрінде әлемнің үздік балуандары бас қосқан дүбірлі дода 1 қарашаға дейін жалғасады.

Фото: El.kz
Фото: El.kz
Фото: El.kz
Фото: El.kz
Фото: El.kz
Фото: El.kz
Фото: El.kz
Фото: El.kz
Фото: El.kz
Фото: El.kz
Фото: El.kz
Фото: El.kz
Фото: El.kz
Фото: El.kz
Фото: El.kz
Фото: El.kz
Фото: El.kz
Фото: El.kz
Фото: El.kz
Фото: El.kz
Фото: El.kz
Фото: El.kz
Фото: El.kz
Фото: El.kz

Оқи отырыңыз