Жаңалықтар

Астанада Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысы басталды

Жер реформасы жөніндегі отырыс
19.05.2016 05:03 2833

Бүгін Астанада Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысы басталды. Комиссия Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Жер кодексінің нормаларын талқылау және түсіндіру үшін және ұсыныстар әзірлеу үшін құрылған. 

Астанада Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысы басталды

Комиссия құрамына 75 адам кіреді: сенаторлар, мәжілісмендер, үкімет мүшелері, мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, агробизнес өкілдері, ғалымдар, азаматтық белсенділер, сондай-ақ облыс әкімдіктері жанындағы қоғамдық кеңестер. Халықтың мейлінше көп бөлігін қамту үшін жұмысқа облыс әкімдіктері жанындағы қоғамдық кеңестер тартылады.

Айта кетейік, ҚР Президенті Н.Назарбаев Жер кодексінің бірқатар нормасына 2017 жылға дейін мораторий жариялаған болатын.

Комиссияның жұмысы жайлы барлық ақпарат жарияланатын арнайы «Jerturaly.kz» порталы іске қосылды. Пайдаланушылар онда өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын қалдыра алады. Сонымен қатар, арнайы Call Center жұмыс істейді.


Алмас САУДАНБАЙ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға