Жаңалықтар

Астанада Солтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді

Жәрмеңке
20.10.2016 09:28 4382

Елордада 22- 23 қазан күндері «Хан Шатыр» сауда үйі орталығы маңындағы аумақта Солтүстік Қазақстан облысының «Өңір берекесі» ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

 Астанада Солтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді

Тұтынушыларға назарына облыс орталығының 100-ден астам ауыл шаруашылығы құрылымдары мен қайта өңдеу кәсіпорындарының өнімдері қойылады. Ұйымдаструшылардың айтуынша, Астанада 741 тонна ауыл шаруашылығы өнімін сату жоспарланыпты. Атап айтар болсақ, соның ішінде: ет және сүт өнімдері, балық, жеміс және көкөністер, шұжық өнімдері, бал т.б. бар. Жәрмеңкегеде 100-ден аса өнім түрлері ұсынылады.

Астанада Солтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді 

Жәрмеңке аясында Солтүстік Қазақстан облысы шығармашылық ұжымдарының ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Астанада Солтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді 

Астанада Солтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді

Бұдан бөлек, елорда тұрғындары мен қонақтарына мазмұнды мәдени бағдарлама дайындалған. 18 қазанда сағат 18:30-да М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында көрермендер назарына Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының «Мағжанның соты» қойылымы ұсынылады.

21 қазан күні сағат 18:30-да Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында С. Мұқанов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының әртістері «Елім-ай» тарихи дастанының желісінде «Дауылпаз баба - Қожаберген» спектаклін сахналайды.

Кішкентай көрермендер үшін «Жастар» сарайында 19, 20, 21 қазан күндері сағат 10:00, 12:00, 14:00-де облыстық қуыршақ театры «Әуеле, домбыра!» спектаклін қояды.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін 21 қазан сағат 10:00-де «Менің досым - бағдаршам» атты қайырымдылық қойылымы көрсетіледі.

20 қазан сағат 11:00-де Астана қаласының мемлекеттік мұрағатында Солтүстік Қазақстан облыстық мұрағатының ұйымдастыруымен «Солтүстіктің байлығы: бірегей мұрағат құжаттарындағы тарих» көрмесі ұйымдастырылады. Көрме  7 бөлімнен тұрады. Экспозицияда Абылай ханның қызметі жайлы құжаттар, революцияға дейінгі Петропавл, Солтүстік Қазақстан облысының құрылуы және тың игеру туралы материалдар ұсынылады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарында облыстың дамуына жеке бөлім арналып отыр. Сонымен қатар, көрмеге мұрағат жарияланымдары, соның ішінде құжаттар мен материалдар жинақтары, атлас карталар мен өмірбаяндық анықтамалар қойылады.

Іс-шара аясында қала тарихы, облыс ортылығының атақты тұлғалары туралы «Петропавл қаласы» атты деректі фильм көрсетіледі.

Көрмеге шығарылған құжаттар мен фотосуреттер аса маңызды болып табылады, олардың басты құндылығы елімізде орын алған қандай да болмасын оқиғаның тарихымен танысуға мүмкіндік беретіндігінде.

22 қазан сағат 11:00-ден бастап Бейбітшілік және келісім сарайында СҚО-ның мұражайлық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Туған жердің тартылысы» көрмесі, сондай-ақ жергілікті суретшілердің «Өңір маржаны» көрме экспозициясы ұйымдастырылады. Осы жерде ағашты оюлау, қайың қабығынан және киізден түрлі бұйымдар жасау сияқты қолданбалы өнер түрлерінен шеберлік дәрістері өтеді.

22 қазан сағат 11:00-де Ұлттық кітапхананың көрме залында С. Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың «Солтүстік Есіл өңірі  өрісі биік өлке» безендірілген кітаптар көрмесі өтеді.

22 қазан сағат 17:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Солтүстік Қазақстан облысының үздік шығармашылық ұжымдарының «Мағжан елінен -Елорда төріне» атты гала-концерті өтеді.


 Әзірлеген Тұмар АСЫЛ

 

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға