Жаңалықтар

Астанада ортопедиялық матрас өндірілетінін білесіз бе?

«Жанұя» сауда белгісі
Астанада ортопедиялық матрас өндірілетінін білесіз бе?
Фото: Нұрбек Әлманбетов 24.12.2016 19:11 9002

Астана іргесіндегі Қоянды ауылында шағын алайда өте маңызды өндіріс орыны жұмыс істейді. Кәсібін дөңгелетіп отырған Асхат Қапас есімді кәсіпкер серіппелі ортопедиялық матрастар мен жастықтарды «Жанұя» сауда белгісімен өндіреді. 12 жыл бұрын отандық сауда нарығына қосылған қазақстандық тауар сапасымен танымал. Отандық өнімді қолмен ұстап, көзбен көру үшін цехқа барып,ондағы жұмыс процессімен  жақынырақ таныстық.

Серіппелі матрас өндіретін цехқа бармас бұрын, «Жанұя» сауда белгісімен өндірілген өнімдер сатылатын дүкенге бас сұқтық. Сатылымға қойылған өнімдер көз тартады. Шынымен де Астанада жасалған матрастардың сапасы  Ресей немесе Түркия елдерінен келетін матрастардан асып түспесе кем емес. Және бір айта кетерлігі, дүкен сөрелерінде табиғи таза киізден жасалған, түрлі-түсті оюлары көздің жауын алатын сырмақтар да бар екен. (Бұл туралы сәл кейінірек тоқталамыз).

Астанада ортопедиялық матрас өндірілетінін білесіз бе?

Асхат Қапас, цех директоры

Мен 2001 жылы Қытайдан тарихи Отаныма көшіп келдім. Қытайда мектепте мұғалім болғанмын. Қазақстанға келгеннен кейін ұстаздық қызметімді жалғастыруға мүмкіндік болмады. Тіл мәселесі қиын болды. Сол себепті күнкөріс үшін өзге кәсіппен айналысуға тура келді. Кәсіптің түрлі саласын сұрыптай келе, серіппелі ортопедиялық матрас өндіруді қолға алдым. Неге, десеңіз мұндай өндіріс еліміздің солтүстік өңірінде жоқ екен. Бұған қоса, Астана – еліміздің орталығы, мұнда жыл өткен сайын халықтың саны өсіп келеді. Қонақ үйлер мен жатақханалар, балабақшалар көптеп ашылуда. Осындай мекемелерді өзімізде өндірілетін серіппелі матрастармен қамтамасыз етуді көздедім. Шет елден келетін тауар бағасы отандық өнімдерге қарағанда әлдеқайда қымбат екенін сіз жақсы білесіз. Ал, сапа жағынан алсақ біз жасап жатқан өнімдердің сапасы сырттан келетін матрастардан еш кем емес. Ал, бағасы қолжетімді. Осылайша шағын цех ашып, 2002 жылы қаңтар айынан бастап өнімдеріміз өмірге келді. Кейін «Жанұя» сауда белгісін алдық. Сауда белгісін еншілеу үшін ең бірінші өнімнің сапасы талаптарға сай болу керек. Сапа стандарттарына толыққанды жауап беретіндіктен, Қазақстанның сауда нарығында «Жанұя» сауда белгісімен таныла бастадық.

Астанада ортопедиялық матрас өндірілетінін білесіз бе?

Асхат аға бастапқыда цехты жалға алып жұмыс жасағандықтарын тілге тиек етті. «Астанада мекемені жалға алу өте қымбат. Сондықтан, тапқан табысмыздың жартысын жалға бермес үшін, қала іргесіндегі Қояндыдан жер сатып алып, цех салдық. Цехтың аумағы 300 шаршы метр. Ішіндегі станоктар мен қондырғылар Қытай мен Ресейден әкелінген. Шикізатты жартылай Қазақстанның өзге қалалары мен Қытайдан әкелеміз» – дейді ол.

Астанада ортопедиялық матрас өндірілетінін білесіз бе?

– Аға, тұрақты тұтынушыларыңыз кім?

– Біздің тұтынушыларымыздың басым көпшілігі жиһаз өндіретін кәсіпкерлер. Шаһардағы әлеуметтік мекемелер мәселен, жатақханалар, қарттар үйі, балалар үйі, қонақ үйлер тапсырыс жасап жатады. Былтыр Астанада мың орынға лайықталған жатақхана ашылды, тапсырысқа сай толықтай біз оларды матраспен қамтамасыз еттік. Айына бір мың матрас өндіруге қауқарымыз бар.

Астанада ортопедиялық матрас өндірілетінін білесіз бе? 

– Жылына қанша тапсырыс аласыздар?

– Орта есеппен алғанда соңғы екі жылда тапсырыс саны азайып кетті. Енді Кедендік Одаққа мүше елдердің еркін сауда айналымы енгізілуіне байланысты еліміздің сауда нарығына сырт мемлекеттер өндіретін серіппелі матрастар көптеп келуде. Бұл жағдай әрине отандық тауарларға әсерін тигізбей қойған жоқ. Бүгінгі таңда бәсекелестік артып отыр. Сонда да біз бәсекелестікке төтеп беріп, сапалы өнім өндіру арқылы тұтынушыларымызды жоғалтпауға тырысамыз.

Біздің тұрғылықты халықтың менталитеті қызық қой, қандай тауар болса да «Ресей өндірген» десе жабыса кетеді. Отандық өніммен салыстырып қарағанда ресейлік өнім нашар болып тұрса да «ресейлік тауар жақсы» деп соны таңдайтын тұтынушылар болады екен. Отандық өнімдерді өзіміз қолдамасақ, өзіміз таңдамасақ осындай шағын кәсіпорындарды кім алға сүйрейді?

Бастапқы жылдары жылына 5000-6000 серіппелі матрасқа дейін өндіретінбіз, соңғы екі жылда тапсырыс көлемі 2000-ға дейін түсіп кетті. Негізгі бәсекелес елдер Ресей мен Белорусия болғандықтан тауардың өтімділігіне қалай да әсерін тигізері анық. Теңгенің құнсыздануы да ықпал етіп отыр.

Астанада ортопедиялық матрас өндірілетінін білесіз бе?

– Асхат мырза, шикізатты жаңа сіз Қытайдан әкелеміз деп айтып қалдыңыз. Матрас өндіруге қажетті шикізат сонда Қазақстанда жоқ па?

–  Қазақстанда темір көп қой, алайда дәл серіппелі матрасқа арналып өңделген темір бізде жоқ. Паралонды Өскемен мен Павлодар қаласынан аламыз. Матрасты тыстаған мата, серіппе, паралонмен қоса төсейтін кокос койрасы, латекс секілді өнімдерді Қытайдан әкелеміз. Кокос – Қытайдың ыстық жері оңтүстік өңірінде теңіз жағасында өсетін ағаштың жапырағы. Кокостың денсаулыққа пайдасы зор, қыста жылы, жазда салқын. Латекс – паралоннан жақсы, бірақ ол да бізде өндірілмейді. Адамның денесіне жағымды, әрі пайдалы болғандықтан тұтынушылар тарапынан латекс пен кокосқа сұраныс жоғары. Матрасты тыстайтын матаның ішкі және сыртқы қабатын мақтадан жасатамыз.

Астанада ортопедиялық матрас өндірілетінін білесіз бе?

Нұргүл Хамиолла:

Серіппелі матрастарға үнемі тапсырыс бола бермейді. Жұмысшылардың кейде бос отырып қалатын кездері болады. Уақытты ұтымды пайдалану мақсатында киізден ою ойып, сырмақ жасауды қолға алдық. Киізді дайын өңделген әрі боялған күйінде Қытайдан әкелеміз. Қытайда тұратын қандас бауырларымыз тері және жүн өндірісін дұрыс жолға қойған. Олар таза табиғи жүнді өңдеп, бояп киіз жасап сатады. Бүгінгі заманда технологиялар дамыды, бұрын ата-бабаларымыз жүнді сабап, киіз басып, сосын түрлі түске бояйтын болса, қазір арнайы технологиямен жүн өңдеуге болады. Қытайдағы қазақтар осы кәсіпті дөңгелетіп отырғандарына 7-8 жыл болды. Таза табиғи қой жүнінен жасалған түрлі түсті киізден ою ойып, әдемі сырмақ жасап көрейік деп шештік. Мұндағы менің мақсатым – ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, сол арқылы жойылып бара жатқан қолөнерді насихаттау. Әрі жылы, әрі пайдалы,  әрі қазақи нақыштағы өнімдерді еденімізге төсеп қойсақ қандай жақсы. Өсіп-өркендеп келе жатқан тәуелсіз елімізге әркім өзінше үлес қосқысы келеді. Мен қолымнан келгенше ұлттық колориттерге бай, таза әрі табиғи өнімдерді халық игілігіне ұсыну арқылы өз үлесімді қосқым келді.

 Астанада ортопедиялық матрас өндірілетінін білесіз бе?

Астанада ортопедиялық матрас өндірілетінін білесіз бе?

Кәсіпорында «Алмаз», «Мәрмәр», «Мамық», «Бриллиант», «Балауса», «Меруерт» секілді атаулармен сан түрлі серіппелі матрастар өндіріледі. Әр матрастың атауына сай құрамының ерекшелігі бар. Өндірушілер үш жылға кепілдік береді.

Астанада ортопедиялық матрас өндірілетінін білесіз бе?

Астанада ортопедиялық матрас өндірілетінін білесіз бе?

Шағын цех 10-ға жуық адамға жұмыс беріп отыр.   

Астанада ортопедиялық матрас өндірілетінін білесіз бе?

Сауда нарығында «Жанұя» сауда белгісімен аты танылған кәсіпорын бүгінгі таңда таза киізден өндірілген сырмақтардан басқа ұлттық нақыштағы киімдер тіге бастады. Ұлттық костюмнің түр-түрі он саусағынан өнер тамған Гүлнұр Тоқан есімді тігінші апайымыздың қолынан шығады.

Астанада ортопедиялық матрас өндірілетінін білесіз бе? 

Астанада ортопедиялық матрас өндірілетінін білесіз бе?

Астанада ортопедиялық матрас өндірілетінін білесіз бе?

Астанада ортопедиялық матрас өндірілетінін білесіз бе?

Бұл – киіз үйдің ішіне үлгі ретінде төселген оюлы сырмақ. Осы цехта жасалған.

P.S.

Серіппелі матрас өндіретін цех жұмысымен танысқаннан кейін талпынған адамға мүмкін емес нәрсе жоқ екен деген ойға келдік. Шынымен де, өз жерімізде, көрікті Астанамызда ортопедиялық матрас өндіретін кәсіп ашып, отандық кәсіпкерлікті дамытуға өзіндік үлес қосып отырған Асхат ағамызға тек сәттілік тіледік. Бәсекелестік дүркіреп тұрған бүгінгі заманда алпауыт көршілес елдерден келіп жатқан тауарлардың легі осындай шағын кәсіпорындардың жұмысын тұралатып, ілгері емес кері кетуіне әсерін тигізбесіне кім кепіл? «Жанұя» сауда белгісімен шығатын отандық өнімдер бәсекелестік айқасында жұтылып кетпей, қарқынын үдете түссе екен. Ресми деректерге сүйенсек, 2017 жылы Астанада өтетін халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне байланысты шаһарда 38 қонақ үй бой көтереді. Салынатын қонақ үйлер қазақстандық кәсіпкерлік пен отандық өнімдерді қолдап, Асхат Қапас секілді кәсіпкерлерге тапсырыс берсе тамаша.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға