Жаңалықтар

Астанада Махамбет оқулары өтті

Махамбет Өтемісұлы
18.10.2016 10:47 6746

Астанада оқушылар арасында «Махамбет — тарихи тұлға» атты жыр бәйгесі өтті. Олар ақынның өлеңдерін жатқа оқып,  өзара сынға түсті.

Астанада Махамбет оқулары өтті

Оқушылар сарайы қызметкерлерінің айтуынша мұндай іс-шаралар арқылы балаларды патриотизмге, туған жерін, халқын құрметтеуге, поэзияға деген қызығушылығын арттыруға көмектеседі. Қалалық байқаудың жеңімпазы республикалық сайыста Астана қаласының атынан сынға түседі.

Астанада Махамбет оқулары өтті

Алтынбекова Алтынай, №45 мектеп оқушы:

— Махамбет Өтемісұлының қырыққа жуық өлеңін жатқа білемін. Ақынның әрбір өлеңінен, әрбір шумағынан еліне деген, ұлтына деген үлкен махаббат пен патриоттық рух төгіліп тұрады. Махамбет атаның өлеңдерін жаттап өскен бала келешекте елінің тірегі болады деген ойдамын.  

Астанада Махамбет оқулары өтті

2003 жылдан бастап Астанадағы оқушылар сарайына батыр бабамыз Махамбет Өтемісұлының есімі берілген.  Мектепте Махамбет оқулары дәстүр бойынша осымен он үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр.  

Астанада Махамбет оқулары өтті

Әділ-қазы құрамында белгілі ақын, сазгер — Оспан Сүлейменов, Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының маманы және кітапхана ісінің еңбек ардагері — Күләш Қосбармақова болды. 


Алмас Саудамбай 

Фотограф — Нұрбек Әлманбетов 

   

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға