Жаңалықтар

Астанада халықаралық қобыз фестивалі басталды

Фестивальге әлемнің 30-дан астам елінен қатысушылар мен қонақтар келген
09.09.2016 07:16 4910

Астанада тұңғыш рет ішекті-қыл аспаптарында ойнайтындар арасында халықаралық байқау басталды. Байқау Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай өткізіліп отыр.

Астанада халықаралық қобыз фестивалі басталды

Фестивальге әлемнің 30-дан астам елінен қатысушылар мен қонақтар келген. Сонымен бірге Әзірбайжан,  Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан, Қарақалпақстан, Қырым Республикасы, Адыгея, Мажарстан, АҚШ, Оңтүстік Корея, Түркия, Үндістаннан әртістер келді. Шарт бойынша қатысушылар бірінші кезеңде Тілеп Аспантайұлының бір күйін тартса, екінші кезеңге іріктелгендер өз елінің шығармасын орындауы керек.

Әділқазы алқасы қатарында әлемдік деңгейдегі мәдениет саласының үздіктері мен танымал орындаушылар, композиторлар бар.

Астанада халықаралық қобыз фестивалі басталды

«Тілеп-қобыз сарайы» концерт залының директоры, меценат Сапар Ысқақовтың айтуынша,  фестиваль – әлемдік тәжірибе мен ойларды біріктіретін өзіндік аймақ, - Тілеп Аспантайұлы атындағы I халықаралық байқау резонанстық жоба. Мұндағы мақсатымыз қазақтың маңдайына біткен қара қобызын дүние жүзіне таныту. Сол арқылы қазақ мәдениетін, өнерін таныстыру. Күллі түріктердің атасы – Қорқыт бабамыз бәрімізге ортақ, - дейді ол.

Композитор Hakob Khalatyan, Армения:

Бұл байқаудың жаңа дарындарды танытуда, ерекше шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларға қолдау көрсетуде маңызы зор. Әлемнің әр түрлі аймақтарынан әртістер мен шығармашылық ұжымдар келіп отыр. Мұндай жобалар мәдениетті сақтауға, дамытуға және таратуға әсер етеді. Осы тұрғыда өз алғысымды білдіремін.

Астанада халықаралық қобыз фестивалі басталды

Корея дәстүрлі өнер мектебінің деканы, профессор Jeong Soo Nyun, Оңтүстік Корея:

Қазақстанды осыдан 20 жыл бұрын көрдім. Қазір мүлдем өзгеріп, жаңарып, дамып кетіпті. Сапар барысында қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарымен танысып жатырмын. Домбыра мен қобыздың үні ерекше екен. Олардан шығатын саз жаныңды тыныштандыратындай жұмсақ. Корея қырық жылдан астам Жапонияның отары болып келді. Осындай тарихи жағынан екі елдің тағдыры өте ұқсас. Қазақстанды тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын.

Астанада халықаралық қобыз фестивалі басталды

 


 

Ая ӨМІРТАЙ

Суретке түсірген - Нұрбек Әлманбет

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға