Жаңалықтар

Астанада «Жұбановтар әлемі» атты кеш өтті

Қиын қыстау заманда қолдап, өнерге алғаш келген кезінде қандай үлес қосқанын еске алды
Астанада «Жұбановтар әлемі» атты кеш өтті
29.10.2022 19:21 1894

Астанада «Жұбановтар әлемі» атты Ғазиза Жұбанованың 95 жылдығына арналған мерекелік кеш өтті деп хабарлайды El.kz.

Концерт алдында Ғазиза Жубанованың шәкіріттері, елімізге белгілі композиторлар Ақтоты Райымқұлова, Серікжан Әбдінұров, Төлеген Мұхамеджанов журналистермен кездесу өткізді.

Олар ұзтаздарының анасындай қамқор болғанын,  қиын қыстау заманда қолдап, өнерге алғаш келген кезінде қандай үлес қосқанын еске алды. Консерваторияда ректор болып жүргенде көптеген шәкіріттеріне тәрбие беріп қазіргі жеткен дәрежеміз ұстазымыздың арқасында деді.

Музыкалық кеште Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі Айдар Торыбаев дирижерлік етіп, Тұран фольклорлы-этнографиялық ансамблі, халықаралық байқаулардың лауреаттары Карина Измаилова, Дана Абдықадырова және Гүлмира Үмбетова, Салтанат Ахметова  өнер көрсетті.

Дина Алланазарова

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға