Жаңалықтар

Астанада техникалық қызмет көрсету орталығынан өрт шықты

Астанада техникалық қызмет көрсету орталығынан өрт шықты
Фото: astana_sergek 09.02.2023 17:13 937

Елордада көліктерге арналған техникалық байқау стансасынан өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт елорданың оңтүстік-шығыс шағын ауданы Айнакөл көшесіндегі көлік жөндеу стансасынан (СТО) шыққан.


«9 ақпанда сағат 13:57-де Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшесіне өрт туралы хабар жетті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минутта барып, 200 шаршы метр аумақта жеке үйге жақын, техиникалық қызмет көрсету стансасының жанып жатқанын анықтады. ТҚС ішіндегі екі көлік өртеніп кетті. Тілсіз жауды өрт сөндірушілер сағат 14:44-те оқшаулады», - делінген ресми хабарламада.


Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сағат 15:25-те сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Астана Сергек 24/7 (@astana_sergek)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға