Астанада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айтулы дата қарсаңында елорда көшелеріне мемлекеттік тулар мен тақырыптық баннерлер ілініп, ғимараттардың қасбеттері мен LED-экрандарда мерекелік бейнелер көрсетіле бастады.
Мерекелік безендіруді қаланың бірнеше аумағынан көруге болады. Тәуелсіздіктің 35 жылдығына арналған тақырыптық бейнероликтер қалалық 3D LED-экранда, шолу дөңгелегінде, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ғимаратының қасбетінде және басқа да нысандарда көрсетіліп жатыр.
Мерекелік шараларға елорданың сауда орталықтары да атсалысуда. Олардың ішкі LED-экрандарынан Қазақстан тәуелсіздігіне арналған бейнероликтер көрсетілуде.
Айта кетейік, 2026 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығын атап өтеді.