Жаңалықтар

Астанада тағы бірнеше жол учаскесі жөндеу жұмысына байланысты уақытша жабылады

Астанада тағы бірнеше жол учаскесі жөндеу жұмысына байланысты уақытша жабылады
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 19.08.2023 16:58 628

Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Д.Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының, сондай-ақ Өндіріс көшесінің қиылысында жол төсемін жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Жөндеу жұмысына байланысты 19-20 тамыз аралығында Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысында көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

Сонымен қатар, 19 тамыздан 7 қыркүйекке дейін Солтүстік айналма жолдан көлік айырбасына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылды.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға