Жаңалықтар

Астанада Қысқы қайырымдылық балы өтеді

XIII Қысқы қайырымдылық балы 8 желтоқсан күні өтеді
Астанада Қысқы қайырымдылық балы өтеді
Фото: baq.kz 11.11.2022 18:41 1224

«Болашақ» корпоративтік қоры ерекше қажеттіліктері бар балалардың сапалы білім алу проблемаларына жұртшылықтың назарын аудару және дарынды жастарды қолдау мақсатында 2012 жылдан бастап жыл сайын Қысқы қайырымдылық балын өткізеді, деп хабарлайды El.kz

Елорданың осы ауқымды мәдени шарасы әдетте бизнес-элитаның, дипломатиялық корпустың, қоғамдық және саяси топтардың өкілдерін жинайды.

Көптеген жылдар бойы біздің қонақтарымыз классикалық вальстен «жалынды» латиноға дейін дебютанттар биі, салтанатты кешкі ас, бағалы лоттар аукционы, сондай-ақ жүлделер ұтыс ойыны бар ғажайып атмосфераға бөленеді.

Балдың бағдарламасы:

- дебютанттармен би: классикалық вальстен «жалынды» латиноға дейін;

- салтанатты кешкі ас;

- өнер бұйымдарының және спорт атрибутикасының аукционы;

- қазақстандық эстрада жұлдыздарының өнер көрсетуі;

- іс-шара серіктестерінен құнды сыйлықтар ұтыс ойыны.

Жиналған қаражат «Болашақ» корпоративтік қорының ерекше қажеттіліктері бар балаларға және дарынды жастарға арналған «Әр бала мектепке баруға лайықты» және «Жол жүру гранттары» қайырымдылық бағдарламаларына жұмсалады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға