Жаңалықтар

Астанада қылмыстық топ жетекшісі ұсталды

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды
Астанада қылмыстық топ жетекшісі ұсталды
Фото: polisia.kz 25.11.2022 09:25 716

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшелері арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісін, топтың белсенді қатысушысын, сондай-ақ криминалдық "беделдіні" ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz сайтынан сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, олар биыл сәуірде елордадағы түнгі клубтардың күзет қызметіне ықпал ету салаларын бөлісу үшін криминалдық жанжал бойынша күдікті болып отыр, соның салдарынан екі адам атыс қаруынан жарақат алған болатын.

Сонымен қатар, ұсталғандар аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікке де ілінген.

Олар Ақмола облысы кәсіпкерлерінің арасындағы мүліктік дауды шешуге уәде беріп, төлем ретінде 150 миллион теңге, екі үй мен екі коттеджді өз туысқандарының атына ресімдеген.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға