Жаңалықтар

Астанада Қайрат Боранбаевқа қатысты сот отырысы басталды

Астанада Қайрат Боранбаевқа қатысты сот отырысы басталды
Фото: © "Қайрат" ФК 30.12.2022 11:23 1126

Астанада Қайрат Боранбаевқа қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сарыарқа аудандық №2 сотындағы отырыс «АзияГазЧунджа» ЖШС қылмыстық эпизодына қатысты өтуде.

Жуырда Қаржылық мониторинг агенттігі «АзияГазЧунджа» ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановқа және «Qazaq Gaz» АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Таир Жанұзаққа қатысты істі тергеуді аяқтады.

Оларға сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 млрд теңге ұрлау және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша айып тағылуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға