Жаңалықтар

Астанада мешіт қызметкерін пышақтап кетті

Астанада мешіт қызметкерін пышақтап кетті
Фото: El.kz 15.03.2023 16:38 761

Мешіт қызметкерін пышақтап кеткен күдікті ұсталды. Мешітте болған оқыс оқиға туралы ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мешіттің шаруашылық жұмыстарын жүргізетін қызметкерді суық қарумен жарақаттаған күдікті ұсталды. Ол бұрын сотталған. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Болған оқиға себептері анықталады, - деп жазды Ағабек Қонарбайұлы.

Оның айтуынша, ауыр жарақат алған мешіт қызметкері дәрігерлердің бақылауында. Жағдайы ауыр. Алдын ала жеткен мәліметтер бойынша қылмыстық оқиғаға отбасылық қақтығыстар, дәлірек айтқанда күдікті азамат пен оның әйелі арасындағы дау-жанжалдар себеп болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға