Жаңалықтар

Астанада көпқабатты үйден өрт шықты

Бұл туралы Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті
Астанада  көпқабатты үйден өрт шықты
Фото: ult.kz 31.10.2022 18:41 2756

Елордада көпқабатты үйден шыққан өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Бүгін сағат 17:39-да өрт сөндіру бөлімшелері Мәңгілік ел көшесінде көппәтерлі тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама бойынша оқиға орнына аттанған.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минуттың ішінде жеткен кезде көпқабатты тұрғын үйдің 7-қабатында өрт шыққаны анықталды. Қазіргі кезде өрт орнында елордалық төтенше жағдайлар департаментінің 23 маманы мен 7 техникасы жұмыс істеп жатыр. Тұрғындарды қауіпсіз жерге шығару жұмыстары жүргізілуде. Өрт сағат 18:05-те оқшауланды», - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға