Жаңалықтар

Астанада көмірді қайдан сатып алуға болады

Астанада көмірді қайдан сатып алуға болады
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 10.08.2023 11:35 1151

Елордаға тамыз айында көмірдің жеткізілуі, бағасы және сату орындары туралы қажетті ақпараттар беретін жедел желі іске қосылды. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазіргі уақытта Астана қаласының тұрғындары үшін көмір өнімдерін сататын 11 тұйық көше және 14 орын бар. Ондағы көмір қоры 13 мың тоннаны құрайды. Олар мына мекенжайларда орналасқан: Герцен көшесі, 4/1, Герцен, 6/2, Көктал, 28/1, Мақат, 40, Жамбыл Жабаев, 76, А.Жұбанов, 35, М.Дулатов 182/1, 85 (ЖЭО ауданы-3), 70-Жол, 9А, Герцен, 6б, Қарағанды тас жолы («Магнум» супермаркетінің артында).

Елорда әкімдігімен жасалған меморандумдар бойынша көмірдің орташа бағасы:

Шұбаркөл – тоннасына 15 100 тг;
Қаражыра – тоннасына 15 500 тг;
Майкуба – тоннасына 13 300 тг.

Қалада «109» нөмірі бойынша жедел желі жұмысын бастады, онда көмірдің болуы, сату орындарындағы бағалар туралы қажетті ақпарат беріледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға