Жаңалықтар

Астанада көлік LRT бағанына соғылып, жүргізуші мерт болды

Астанада көлік LRT бағанына соғылып, жүргізуші мерт болды
Фото: astana_sergek 29.06.2023 12:15 407

Астанада көлік жүргізушісі бетон бағанға соғылып, қаза болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция департаменті мәліметінше, 29 маусым күні сағат 06.04 шамасында «Chevrolet Malibu» көлігі Сығанақ көшесімен Ш.Қалдаяқов көшесіне қарай келе жатып, «Арыс» көпірінде рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан бетон бағанға соғылды.

43 жастағы жүргізуші алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, - делінген ПД мәліметінде.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға