Астанада «INNOPROM. Қазақстан-2023» көрмесі өтіп жатыр
Елордада «INNOPROM. Қазақстан-2023» халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көрме 25-27 қыркүйек аралығында өтеді. INNOPROM-ға қатысуға көлік, ауыл шаруашылығы, энергетика, станок жасау, химия өнеркәсібі, металлургия, өнеркәсіптік IT және тағы басқа салалардан 300-ден астам компания өтінім берген.
Көрме аумағы 12 мың шаршы метрден асады. Көрмеде Қазақстан, Беларусь, Армения Республикасы мен Ресей Федерациясының және тағы басқа елдердің негізгі өнеркәсіптік компанияларының ұлттық экспозициялары орналастырылған.
Оқи отырыңыз:
- Сириядан оралған қазақстандыққа сот үкімі шықты
- Балқашта қыз бала 5 қабатты үйдің төбесінен секірмек болған
Елордада алғаш рет өтіп жатқан көрмеге премьер-министр Әлихан Смайылов пен Ресей Федерациясының үкімет төрағасы Михаил Мишустин, Беларусь Республикасының премьер-министрі Роман Головченко және Қырғызстан Республикасы министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров қатысып жатыр.
INNOPROM. Қазақстан – бұл өнеркәсіптік кооперацияның жаңа деңгейіне жылдам шығуға, мамандандырылған мақсатты аудиторияға өнімдер мен технологияларды ұсынуға және жаңа серіктестер, клиенттер мен жеткізушілерді табуға мүмкіндік беретін бірегей бизнес-платформа.