Жаңалықтар

Астанада грек-рим күресінен халықаралық турнир өтеді

Астанада грек-рим күресінен халықаралық турнир өтеді
Фото: Olympic.kz 03.05.2023 22:35 1255

Астана қаласында грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада және әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, байрақты бәсекеде әлемнің ең үздік бозкілем шеберлері 10 салмақ дәрежесінде сынға түседі.

Жарыстың ресми ашылу салтанаты 16 мамыр күні сағат 17:30-да Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.

Іс-шара Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Күрес федерациясының ұйымдастыруымен өткізіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға