Жаңалықтар

Астанада екі құрылысшы 15-қабаттан құлап кетті

Астанада екі құрылысшы 15-қабаттан құлап кетті
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 12.08.2023 02:07 774

Астанада үйдің қасбетін салып жатқан екі жұмысшы 15-қабаттан құлап мерт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Астана қаласында салынып жатқан жаңа тұрғын үй кешенінде қасбет қоюмен айналысқан екі жұмысшы 15-қабаттан құлап, қайтыс болды.

Қасбет қою жұмыстары барысында 20-қабатты "A-City" тұрғын үй кешенінде 1995 және 2003 жылғы екі жұмысшы биіктіктен құлап, оқиға орнында қаза болды, - делінген полиция хабарламасында.

ПД ақпаратына сәйкес құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға