Жаңалықтар

Астанада екі көшенің учаскелері уақытша жабылды

Астанада екі көшенің учаскелері уақытша жабылды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 24.06.2023 14:28 750

Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Мәскеу және Уәлиханов көшелерінде жол төсемін орташа жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

24-26 маусым күндері аралығында жол-құрылыс жұмысының жүргізілуіне байланысты Н.Тілендиев даңғылынан Бекетай көшесіне дейінгі учаскедегі Мәскеу көшесі бойынша көлік қозғалысы толығымен жабылды. 

Сондай-ақ 24-26 маусым аралығында Ш. Уәлиханов көшесінің А. Иманов көшесінен Кравцов көшесіне дейінгі аралығында қозғалыс толығымен жабылып отыр. 

Елорда әкімдігі тұрғындар мен қонақтарға қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажеттігін ескертеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға