Астанада 4 жасар қызды ұрлап кеткен ресейлік азамат ұсталды
Фото: El.kz
Фото: El.kz
15.06.2023 14:04
4222
Қарағанды қаласында 4 жасар қызды ұрлап кеткен ресейлік Астанада ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қарағанды қаласының ПБ Орталық ПБ-ге 25 жастағы қала тұрғыны арызданған. Бұрын бірге тұрған Ресей Федерациясының 34 жастағы азаматы оның 4 жасар қызын ұрлап кеткен.
Аталған факт Орталық ПБ-де ҚР ҚК 125-бабының 2-тармағы, яғни «Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған адам ұрлау» бойынша тіркелді.
13 маусымда кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Орталық ПБ криминалдық полициясының қызметкерлері Астана қаласында күдіктіні ұстады.
Ұрланған қыз анасына берілді. Қазір тергеу әрекеттері жүріп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада Дулатұлы көшесі жабылды
Келесі жаңалық
«Алтын домбыра» ақындар айтысы басталды