Жаңалықтар

Астанада 29 сәуір күні жалпықалалық сенбілік өтеді

Астанада 29 сәуір күні жалпықалалық сенбілік өтеді
Фото: Астана әкімдігінің сайты 25.04.2023 21:42 691

«Жасыл Астана» экологиялық айлық аясында алдағы демалыста, яғни 29 сәуір күні жалпықалалық сенбілік өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада 8 сәуірден 6 мамырға дейін «Жасыл Астана» дәстүрлі экологиялық айлығы өткізіледі. Оның аясында Астанада қалалық қызметтерді, еңбек ұжымдарын және қаланың белсенді тұрғындарын жұмылдыра отырып, бірнеше коммуналдық және жалпықалалық сенбілік өткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, эко айлық 8 сәуір күні алғашқы көктемгі коммуналдық сенбілік арқылы ашылған. Еңбек ұжымдарының, қала тұрғындарының күшімен полигонға 555,58 тонна қалдық жиналып, шығарылды. Жалпы ауданы 2,5 млн шаршы метрден асатын саябақтар мен скверлерді жинау, ағаш отырғызу жүргізілді. Іс-шараға аудандық әкімдіктер, коммуналдық қызметтер, ПИК және МИБ ұжымдары, шағын және орта бизнес субъектілері белсенді қатысты.

Екінші коммуналдық сенбілік 22 сәуір күні өтті. Оған 3 203 адам, 222 кәсіпорын мен ұйым қатысып, 587 арнайы техника жұмылдырылды. Полигонға 246,92 тонна қалдық шығарылды.

29 сәуірдегі сенбілік кезінде ұйымдар мен кәсіпорындардың ұжымдары өз аумағында ағаш отырғызып, қоқыс жинайды, сондай-ақ су айдындарының маңын тазартады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға