Жаңалықтар

Астанада 25 сәуірден бастап «Astana Bike» іске қосылады

Астанада 25 сәуірден бастап «Astana Bike» іске қосылады
Фото: velobike.kz 24.04.2023 20:35 628

Елордада 25 сәуірден бастап «Astana Bike» автоматтандырылған велосипед жалдау жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, велосипедтер мен абонементтерді сатып алу таңғы сағат 9:00-ден бастап қолжетімді болады.

Велосипедтер мен велостансаларды қосу қала бойынша кезең-кезеңімен жүреді:
25 сәуірде: 600 велосипед пен 76 велостанса,
26 сәуірде: 100 велосипед+ 20 велостанстанса;
27 сәуірде: 100 велосипед + 22 велостанса;
28 сәуірде: 100 велосипед+ 22 велостанса;
29 сәуірде: + 14 велостанса.

Сәуір айының соңына дейін барлығы 154 велостанса мен 900 велосипедті іске қосу жоспарланып отыр.

Абонементтерді сатып алу, веложалдау бойынша барлық ақпаратты www.velobike.kz сайтынан алуға болады.

Велосипедтерді пайдалану 24/7 қолжетімді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға