Астана - Щучинск бағытындағы жол жабылды
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
Қолайсыз ауа райына байланысты Астана мен Щучинск арасындағы көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
3 желтоқсанда сағат 10:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, көктайғақ), «Астана – Петропавл» республикалық тас жолының 18-234 шақырымы, «қала» учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылады. Астана – Щучинск» қоғамдық және жүк көліктеріне арналған, - делінген ТЖД хабарламасында.
"Қазгидромет" РМК мамандары 3 желтоқсанда Қазақстан аумағы бойынша ауа райының қандай болатынын болжады

