Жаңалықтар

Астана полицейі Асхат Жылысбеков қоян-қолтық ұрыстан өткен біріншілікте үздік атанды

Турнирге 150-ден астам атақты спортшылар қатысты
Астана полицейі Асхат Жылысбеков  қоян-қолтық ұрыстан өткен біріншілікте үздік атанды
Фото: polisia.kz 11.12.2022 11:20 1100

Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек»  сарайында қоян-қолтық ұрыстан тартысты турнир өтті,  деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жарысқа Қарулы күштер мен күш құрылымдарының ең мықты спортшылары қатысты. Сайыс Қорғаныс министрлігі мен Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының қолдауымен өтті. Турнирге 150-ден астам атақты спортшылар қатысты.

Олардың қатарында Астана қаласы ПД ЖҚАЖ аға инспекторы полиция капитаны Асхат Жылысбеков бар. Ол 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ерлер арасында бірінші орын алып, үздік атанды.

Асхат Жылысбеков – кикбоксингтен спорт шебері, қоян-қолтық ұрыстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол әлем біріншілігінің екі дүркін жүлдегері (Германия – 2019 жыл, Ресей – 2021 жыл), Азия чемпионы (Қырғызстан – 2019), қоян-қолтық ұрыстан Қазақстанның үш дүркін чемпионы (2015, 2016, 2019 жылдар).

Қоян-қолтық ұрыста спорттық шеберлікті, батылдықты, тактикалық дайындықты көрсету керек. Қызметте сіз кез келген әрекетке психикалық және физикалық тұрғыдан дайын болуыңыз керек. Бастысы – жинақталған тәжірибені сыни жағдайда қолдана білу, – деді спортшы. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға