Жаңалықтар

Астана мен Пекин арасында тікелей рейстер жанданады

Астана мен Пекин арасында тікелей рейстер жанданады
Фото: pixabay.com 30.01.2023 11:44 1150

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Қытай Халық Республикасының авиациялық билігімен бірлесіп Қазақстан мен Қытай астаналары арасында тұрақты рейстерді қайта жаңғырту мәселесін пысықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ведомствода биылғы жылдың 25 наурызынан бастап Air Astana авиакомпаниясы Астана – Пекин бағыты бойынша аптасына үш рейс жиілігімен (дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі) ұшуды қайта бастау жоспарланып отырғанын нақтылады.

Рейстер А-321 LR типті әуе кемелерінде орындалады.

Сондай-ақ осы жылдың 13 ақпанынан бастап Air Astana әуекомпаниясы Алматы мен Бейжің арасындағы рейстерді бір рейстен (дүйсенбі) аптасына 5 рейске (дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі) біртіндеп ұлғайтуды жоспарлап отыр, бұл ретте көктемгі-жазғы навигация кезеңінде аптасына 5-7 рейске дейін кезең-кезеңімен ұлғайтылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға