Жаңалықтар

Астана мен Анкара арасында жолаушылар рейсі ашылады

Астана мен Анкара арасында жолаушылар рейсі ашылады
Фото: El.kz 19.05.2023 22:55 556

Қазақстан мен Түркияның астаналары арасында жолаушылар рейсі ашылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ИИДМ Азаматтық авиация комитеті таратқан мәліметке сәйкес, қазақстандық әуе компанияларымен бірлесіп халықаралық рейстер санын ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс қолға алынды.

Мәселен, 23 мамырдан бастап «Fly Arystan» авиатасымалдаушысы Airbus – 320 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен (сейсенбі, сенбі) Астана - Анкара бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін ашуды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстер санының артуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға