Жаңалықтар

«Астана» клубының баскетболшылары жастарға жаттығу өткізді

«Астана» клубының баскетболшылары жастарға жаттығу өткізді
Фото: Астана қаласы әкімдігі 13.08.2024 05:35 747

Астанадағы Триатлон саябағында баскетболдан жастарға арналған ашық жаттығу өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, Қазақстанда ғана емес, ВТБ Бірыңғай лигасында шетелдік клубтармен шеберлік байқасып жүрген «Астана» баскетбол клубының ойыншылары елорда жастарының шеберліктерін арттыру мақсатында ашық кездесу ұйымдастырды.

Іс-шара барысында кәсіпқой баскетболшылар пайдалы кеңестер беріп, дұрыс секірудің әдісін көрсетті. Кейін жиналған жастар кезекпен клуб ойыншысымен бірге-бір ойнап, нағыз баскетболды сезінді. Ал себетке дәл түсірген жасөспірімдер арнайы естелік сыйлықтармен марапатталды.

Funny sport жобасы салауатты өмір салтын насихаттайды. Жобамызда көптеген спорт шаралары қамтылған. Бүгін көше баскетболынан арнайы жаттығу ұйымдастырылды. Елордамыздың басты спорт клубының бірі саналатын «Астана» баскетбол шеберлері жас ұрпаққа тәжірибелерін көрсетті. Бұл жақсы эмоция сыйлайды деген сенімдеміз. Жалпы бұл жоба арқылы біз қаламыздағы барлық спорт алаңдарын қамтып, тегін қай жерде айналысуға болатынын көрсетеміз, - деді іс-шара ұйымдастырушысы Жамиля Федосова.

Шара соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға «Таза Қазақстан» акциясының маңыздылығын түсіндіріп, қоршаған ортаны таза ұстауға шақырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға