Жаңалықтар

«Астана» футбол клубының бас директоры тағайындалды

«Астана» футбол клубының бас директоры тағайындалды
Фото: instagram.com/fca.astana 08.11.2022 00:14 847

«Астана» футбол клубының бас директоры болып Арслан Беспаев тағайындалды, деп хабарлайды El.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арслан Беспаев бұған дейін «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамының құрылымдық бөлімшелерінде, Алматы қаласының қаржы басқармасында және Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында жұмыс істеген.

2019 жылдан 2022 жылдың наурызына дейін «Астана» футбол клубының департаменттерінің бірінде басшылық қызметте болды.

Еске салсақ, Арслан Беспаев клубта атқарушы директор лауазымын атқарған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға