instagram.com/fca.astana

«Астана» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне өтті

Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі жауапты матчта «Астана» сырт алаңда Тбилисидің «Динамо» клубын жеңді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тбилисидегі (Грузия) ойын елорда клубының жеңісімен аяқталды — 2:1.

Оқи отырыңыз:

Ойын есебін 22-минутта Усман Камара ашып, «Динамо» клубын алға шығарған. Бірінші таймда есеп өзгеріссіз қалғанымен, үзілістен соң қонақтар сапынан алдымен 50-минутта Абзал Бейсебеков мергендік танытса, 51-минутта Дембо Дарбо жеңіс голын соқты.

Осылайша, «Астана» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне өтті.

Елордадағы бірінші ойын 1:1 есебімен тең аяқталған.