Жаңалықтар

Ассамблея форматындағы күзгі демалыс

Еліміздің қалаларында болатын «Қазақстан халқы ассамблеясы» аясында болатын іс-шаралар тізімін ұсынамыз
02.02.2015 06:13 8975

Ассамблея форматындағы күзгі демалыс

Өткен мақаламызда еліміздің мектеп оқушыларына күзгі демалыстарын қалай дұрыс өткізу керектігіне кеңес бергенбіз. Бұл мақаламызда да оқушыларға демалыстарын тиімді өткізу керектігін айта отырып, еліміздің қалаларында болатын «Қазақстан халқы ассамблеясы» аясында болатын іс-шаралар тізімін ұсынамыз:

  1. 20 қазан – 5 қараша аралығында Қарағанды қ. Облыстық бейнелеу өнері музейінде «Мұрагер» есімді Қазақстан халқы ассамблеясының шығармашылығының қайырымдылық көрмесі болады.
  2. 30 қазан күні сағат 17:00-де Астана қаласында «Астана» Ұлттық сурет галереясында «Бірге өмір сүру атты» жастарға арналған фестивалі өтеді екен. Фестивальдың мақсаты – достық, толеранттылық және отбасылық құндылықты жастар арасында насихаттау.
  3. 6 қарашада Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университет қабырғасында «Новая парадигма человеческого развития G-Global – формат глобального диалога» тақырыбында халықаралық конференция өтеді.
  4. 28 қазан күні Көкшетау қаласының «Көкшетау» мәдениет үйінде «Қазақша караоке» облыстық конкурсының финалдық бөлімі өтеді. Келем деушілерге есік ашық.
  5. Ақтобе қаласында 1 қараша күні, «облыстық Достық Үйінде Башқұрт мәдениетінің күні өтеді.
  6. Талдықорғандықтар 5-7 қараша күндер аралығында «Жас Фотографтар»көрмесін тамашаласа болады.
  7. Қараша айының 4-7 аралығында Қапшағай қаласы, Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарында «Ұлттық спорт түрлерінің салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі» тақырыбында семинар болатындығын Алматы облысының оқушыларына хабарлаймыз.
  8. ШҚО, Өскемен қаласында 30 қазан күні, «Достық Үйінде» Неміс егін мерекесі өтеді, барлық барам деушілерге есік ашық.
  9. Тараз қаласы,облыстық драма театрында 7 қараша күні «КОРЁ» Жамбыл облысы  кәрістер ассоциациясы»-ның 25 жылдық мерей тойына арналған іс-шара болады.
  10. Қараша айының 6 жұлдызында Орал қаласында, Татар мәдениет орталығында мәдениет қайраткерлерінің өнеріне арналған творчестволық кеші болады.
  11. Байқоңыр қаласында қазан айының 29 жұлдызында «Достық.KZ» III – дәстүрлі облыстық жастар форумы ұйымдастырылады.
  12. Қызылорда облысы, Сырдария ауданының әкімдігінің ұйымдастыруымен «Тірегіміз – татулық, тілегіміз – тыныштық!» атты мерекелік шарасы өтеді.
  13. СҚО, Петропавл қаласында 1-30 қараша аралығында «Менің алғаш Президентім» тақырыбында эсселер конкурсы болады.
  14. Петропавл қаласында қарашаның 4-де, сағат 12:00-де «Достық Үйінің» акт залында «Ұлттық мұра» ұранымен Түркі мәдениеті фестивалі өтеді.
  15. 1 қараша, сағат 10:00-де Алматы қаласы, «Достық Үйінде» «Отбасы фестивалі» атты іс-шара өтеді.
  16. Көкшетау қаласында 2 қараша күні «Біздің күшіміз бірлікте» атты өңірлік өнер ұжымдарының фестивалі өтеді. 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға