Жаңалықтар

«Әскери құрылыс» АҚ басшысы туысқандарымен бірге бюджеттен ақша ұрлаған

«Әскери құрылыс» АҚ басшысы туысқандарымен бірге бюджеттен ақша ұрлаған
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 12.07.2023 15:20 1497

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Әскери құрылыс» АҚ бұрынғы президенті Е. Тәжиденовтың және басқалардың басшылығымен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

11 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде туған ағасы мен жиені, сондай-ақ Тәжиденовтың қарамағындағы «Әскери құрылыс» ЖШС мен оның Астана қаласы бойынша филиалының қаржылық және корпоративтік қызметіне жауапты қарамағындағы адамдар бар, - делінген Антикор мәліметінде.

Олар тауарлар мен қызметтерді сатып алуға, өтеусіз қаржылық көмек көрсетуге үлестес компаниялармен жалған шарттар жасасу арқылы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктенеді.

Оқи отырыңыз:



Залалдың жалпы сомасы 596 млн теңгені құрайды. Оны өтеу мақсатында қылмыстық жолмен алынған мүлікке тыйым салынды. Қазіргі уақытта айыпталушылар сотқа берілді.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға