Жаңалықтар

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамау мерзімі тағы ұзартылды

ҚР Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы биыл 28 мамыр күні сот санкциясымен қамауға алынған еді.
Арыстанбек Мұхамедиұлын қамау мерзімі тағы ұзартылды
22.07.2022 23:43 2818

Қаржы жымқыру күдігіне іліккен ҚР Ұлттық музейі директоры және бұрынғы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы тағы 1 ай қамауда болады, деп хабарлайды EL.KZ.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тергеу соты Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімін 1 айға, яғни 26 тамызға дейін созу жөнінде шешім қабылдады, - деген жауап берілді қалалық соттың баспасөз қызметінен. 

Еске салсақ, ҚР Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы биыл 28 мамыр күні сот санкциясымен қамауға алынған еді. 

Оған қатысты «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу кезінде 146 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Кейін ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының сыбайлас жемқорлық ісіне қатысты пікір білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға