Жаңалықтар

«Арселор Миттал Теміртау» кәсіпорнында тағы бір жұмысшы қаза тапты

«Арселор Миттал Теміртау» кәсіпорнында тағы бір жұмысшы қаза тапты
Фото: 24.kz 06.01.2023 11:01 617

«Арселор Миттал Теміртау» кәсіпорнында тағы бір жұмысшы қаза тапты. Қызметкердің қайтыс болғанын Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қайғылы оқиға №2 қаңылтыр тарту цехының химиялық блогындағы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде орын алған. Ер адамды тоқ соққан. Оқиға орнына дәрігерлер келіп, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Алайда ол есін жимастан көз жұмды.

 Осы дерекке қатысты «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға